RUVIDEO
Поделитесь видео 🙏

ПАЙҒАМБАРДАН ДА АРТЫҚ

📁 Лайфстайл 👁️ 10 📅 25.02.2025

КӨП ЖЫНДАР ҚИНАҒАН АДАМНЫҢ СОЛАРДАН АЗАТ ЕТІЛУІ

Бұдан кейін Иса мен шәкірттері көлдің арғы бетіндегі Ғадара өңіріне жетті. Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті. Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын. Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді. Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын.
Әлгі адам Исаны алыстан көргенде, жүгіріп келіп, аяғына бас ұрып тағзым етті. Содан соң ол қатты дауыспен:
— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды. Себебі Иса:
— Жын, шық бұл кісіден! — деп бұйырған еді. Бұдан кейін Иса:
— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:
— Атым — «Үлкен топ», себебі біз көппіз, — деп жауап берді. Адам Исадан оларды сол төңіректен қуып шығармауын қадала өтінді.
Сол маңдағы төбе беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. Жындар: «Бізді шошқаларға жібере гөр, соларға енейік», — деп сұрады. Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып, Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті. Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді. Сонда халық Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.
Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады. Бірақ Иса оған рұқсат бермей:
— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды. Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты.
Марқа 5:1-20

▽'Құдайды Іздеу'
➞ Тағы видеоларды тамашалау үшін осы сілтеме арқылы каналға тіркеліңіз: https://bit.ly/34FovIA

Бізбен байланысу үшін осы құралдарды пайдаланыңыз:
➞telegram желісі : https://t.me/ddanalyq
➞instagram: https://www.instagram.com/_danalyq/
➞whatsapp мессенджері: https://bit.ly/33rPeIh

Что делает видео по-настоящему запоминающимся? Наверное, та самая атмосфера, которая заставляет забыть о времени. Когда вы заходите на RUVIDEO, чтобы посмотреть онлайн «ПАЙҒАМБАРДАН ДА АРТЫҚ», вы рассчитываете на нечто большее, чем просто загрузку плеера. И мы это понимаем. Контент такого уровня заслуживает того, чтобы его смотрели в HD 1080, без дрожания картинки и бесконечного буферизации.

Честно говоря, Rutube сегодня — это кладезь уникальных находок, которые часто теряются в общем шуме. Мы же вытаскиваем на поверхность самое интересное. Будь то динамичный экшн, глубокий разбор темы от любимого автора или просто уютное видео для настроения — всё это доступно здесь бесплатно и без лишних формальностей. Никаких «заполните анкету, чтобы продолжить». Только вы, ваш экран и качественный поток.

Если вас зацепило это видео, не забудьте взглянуть на похожие материалы в блоке справа. Мы откалибровали наши алгоритмы так, чтобы они подбирали контент не просто «по тегам», а по настроению и смыслу. Ведь в конечном итоге, онлайн-кинотеатр — это не склад файлов, а место, где каждый вечер можно найти свою историю. Приятного вам отдыха на RUVIDEO!

Видео взято из открытых источников Rutube. Если вы правообладатель, обратитесь к первоисточнику.